- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Қарсыласын көрген кәсіпқой...
Қарсыласын көрген кәсіпқой боксшы жұдырықтаспай қойды
Кәсіпқой бокста жанкүйерлер күтпеген жағдайлар жиі болмаса да, сирек кездесіп тұрады. Сондай күлкілі оқиғаның бірі - Миннеаполистегі Premier Boxing Champions турнирінде болды.
Ауыр салмақта шаршы алаңға шыққан америкалық Кертис Харпер (13-6, 9 KO) мен нигериялық Ефе Аягбой (6-0, 5 KO) арасындағы жекпе-жек басталмай жатып аяқталды. Бәлкім, бокс тарихындағы ең жылдам аяқталған кездесу болған да шығар.
Жекпе-жек негізінен 6 раундқа жоспарланған болатын. Боксшылар шаршы алаңға шақырылып, төрешілер ережелерді таныстырды. Одан кейін әрқайсысы өз бұрыштарына қарай бет бұрып, гонк дауысын күтуге ыңғайланды. Осы сәтте америкалық боксшы рингтен шығып кете барды. Жанкүйерлер де аң-таң, төрешілер де, тіпті қарсыласы да. Нәтижесінде Кертис Харпер жұдырықтаспағаны үшін жазаланып, жеңіс нигериялық боксшыға берілді.
Америкалық боксшының неге жұдырықтаспай кетіп қалғаны әзірге белгісіз. Кей бейресми деректер бойынша, Кертиске өте аз көлемде гонорар ұсынған.
О. Сансызбай