Карлос Гонсалес: «Жозеге төзіп болдық!..»

«Кордоба» клубының президенті және мадридтік "Реал" командасының толық мүшесі Карлос Гонсалес корольдік команданың бас бапкері Жозе Моуриньоға деген өз қатты сынын ортаға салыпты. Бұл туралы Goal.com хабарлайды.

"Менің ойымша, "Реалға" Моуриньоны дереу арада ауыстырып және жаңа бапкерді іздестіре берген дұрыс сияқты. Қашанғы шыдай беруге болады. Бәрі бітті! Бұрындары "Реал" командасы өз түлектеріне арқа сүйесе, тиісінше "Барселона" командасы Йохан Кройф пен Диего Марадона секілді ең қымбат ойыншыларды сатып алушы еді. Сол уақытта біз үнемі жеңіп отыратынбыз, ал қазір бәрі өзгерген... Енді "Реал" жұлдыздарды сатып алумен айналысса, "Барселона" керісінше өз шәкірттерін өсірумен шұғылдануда. Және олардың жетістігіне қараңызшы?!" - деп Гонсалес мырза бар ашуын ортаға салыпты.

Естеріңізге сала отырсақ, соңғы ойында "Реалдың" мектеп түлектері қатарынан Альваро Мората, Хосе Родригес пен Начо ғана негізгі құрамға шыға алып еді. Ал қалған жастардың бәрі (мектеп түлектері) Испанияның кубогі үшін болып жатқан ойындарда ғана шығып тұрады екен.

Айта кетсек, бүгін Испания кубогінің 1/8 финалында «Кордоба» мен "Барселона" командалары кездесетін болады.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек