Қанттың пайда болу тарихы

Қанттың пайда болу тарихы
Фото: bober.ru

Қант – қарапайым азық-түлік тауары. Қанттың негізгі құрамдас бөлігі сахароза болып табылады. Ақ қантта олардың мөлшері 0,25 пайызға дейін, тазартылған қантта - 0,1 пайыз кездеседі.

***

1. Қант туралы алғашқы шежіре біздің дәуірімізге дейінгі ІV ғасырға жатады. Содан кейін Үндістанға жорығында Ескендір Зұлқарнайынмен бірге болған грек тарихшысы Онесикрит осы уақытқа дейін белгісіз болған бұл өнімді мұқият зерттеген.

2. Қанттың отаны – Үндістан. Ол сакхарон (σάκχαρον) деген атпен танымал болған.

3. Қант қамысы плантациялары 10 мың жыл бұрын Полинезияда, 8 мың жыл бұрын Үндістанда болған. Сондықтан "қант" сөзінің ежелгі үнді тілінен шыққаны таңқаларлық емес.

4. Б.з.б VІІ ғасырда парсылар қамыстан қант алуды үйренді.

5. Еуропада қант римдіктер кезінде келді. Қоңыр қант дәндері қант қамысы шырынынан дайындалып, Еуропаға Үндістаннан әкелінді. Қант қамысы кейінірек Сицилия мен Испанияның оңтүстігінде пайда болды, бірақ бұл дәстүр Рим империясының құлауымен жойылды.

6. 1493 жылы Колумб қант қамысын Канар аралдарынан Санто-Домингоға (Гаити) әкелді, сол кезден бастап Вест-Индия мен Орталық Америкада оны өсіру қарқынды дами бастады, ал колониялардан қант импорты оған деген жалпы қажеттілікті өтей бастады. Еуропада ХVІ ғасырдан бастап қант өңдеу зауыттары оны тазартатын болды.

7. Әлемдегі қант зауыты алғаш рет Польшада 1801 жылы ашылды.

8. 1828 жылы Францияда жылына 5 мың тоннаға дейін қант өндіретін 103 зауыт жұмыс істеді. Францияда жасалған технология кейін Германияға және басқа Еуропа елдеріне тарады.

9.  Жыл сайын жер бетінде орта есеппен шамамен 110 000 000 тонна қант өндіріледі.

10. Бір рет қолданылатын қант пакеттерін Нью-Йорктегі дәмхана иесі Бенджамин Эйзенштадт ойлап тапқан.

11. Ортағасырлық Еуропада қант дәрі болды және дәріханаларда сатылды.

12. Орта ғасырда қант қымбат және табу қиын өнім болды. Оған өте бай адамдар ғана қол жеткізе алатын.

13. Қант тағамның бұзылуын баяулатады, өйткені ол тұз сияқты табиғи консервант.

14. Астрономдар Жерден көптеген жарық жылындағы ғарыштық шаңның жұлдызаралық коллекцияларынан қанттың бір түрі гликолальдегидті тапқан.

15. Қантты темекі бұйымдарын, пластмассаларды, фармацевтика өнеркәсібін және басқаларын өндіруде де қолданады.

16. Барлық өсімдіктердің ішінде қантқа ең байы – құрма. Орташа алғанда, бұл жемістің шамамен 33 пайызын қант құрайды.

17. Дүние жүзінде қант қызылшасынан гөрі қант қамысынан көбірек қант өндіріледі.

18. Қызылша қантына қарағанда қамыс қантының ағзада қорытылуы оңай.

19. Яков Кристоф Рад ХІХ ғасырдың ортасында Чехияда қантты кішкентей төртбұрышты етіп өндіруді жолға қойды.  Себебі, бұрын қантты өте үлкен (көлемі адамның басындай) етіп өндіретін болған. Бір күні Яковтың әйелі қанттың шетінен сындырып алып жатып, қолын жаралап алған. Сондықтан өнертапқыш қантты кішкентай төртбұрыш етіп өндіріп, оны әйеліне әкеп берген екен.

20. Бразилия жан басына шаққандағы қантты тұтыну бойынша әлемде бірінші орында.

21. Қантты асыра пайдалану ағзадағы инсулин деңгейінің жоғарылауына әкеледі, бұл өз кезегінде қант диабетіне немесе қатерлі ісікке әкелуі мүмкін.

22. Кейбір зерттеулер қантты шамадан тыс тұтынуға бейімділік тұқым қуалайтынын көрсетеді.

23. Әлемде қантты тұтынудың орташа деңгейі баяу, бірақ сенімді түрде өсіп келеді, өйткені ол көптеген өнімдерге кіреді.

24. Ағзаға түскеннен кейін қант глюкоза мен фруктозаға ыдырайды, сондықтан оның энергетикалық құндылығы өте жоғары. Адам ағзасы барлық энергияның жартысын глюкозадан алады.

25. Орташа адам жылына шамамен 40 кг қант жейді, ол десерттерде, тағамдарда және басқа да тәтті өнімдерде кездеседі.

Т. Раушанұлы