- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Қандай спортқа бейіміңіз...
Қандай спортқа бейіміңіз бар?
Сочи Олимпиадасын күн-түн демей көріп жүрген жастардың спортқа қызығушылықтары сөзсіз оянады. Бірақ олардың қай спорт түріне барғысы келетінін, қандай спорт түрінде бейімі бар екенін қалай білуге болады?
Vitaportal.ru басылымы дәрігер-педиатр Елена Фролованың арнайы жасаған тестін ұсынған екен.
Спорттық генетика – адамның дене мүмкіндіктерін зерттейтін ғылым. Ал бәрімізге белгілі, адамның қандай да бір спорт түріне деген бейімі ұрпақтан-ұрпаққа тарайды. Мәселен, әкесі спортшы болса, баласының да спортшы болуына 50 пайыз мүмкіндік бар. Ал егер баланың шешесі де, әкесі де спортшы болса, онда баланың спортшы болуға мүмкіндік деңгейі 70%-ға артады. Бүгінгі дамыған заманның техникасы адамның 70-75 пайызы генетикасына, ал қалған 25-30 пайызы психологиялық факторлар мен жаттығуға байланысты болатынын дәлелдеп берген.
Бүгінге дейін адамның физикалық мүмкіндіктерін анықтайтын 200-ге жуық ген табылған. Олар адамның бұлшық еті массасын, күшін, төзімділігін, жылдамдығын, жүрек қан-тамырлар жүйесін, координациялық мүмкіндіктерін анықтайды.
Генетикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша, мыналарды анықтауға болады:
- Бұлшық ет талшықтарының жылдам немесе баяу екенін анықтайды. Бұл арқылы адамның спринттік немесе стайерлік спорт түрлеріне бейім екендігін білуге болады. Спортшының төзімділікке арналған жаттығуға бейім екендігі немесе күш талап ететін спорт түріне бейім екенін де біле алады.
- Баланың генетикалық мүмкіндіктеріне байланысты қай спорт түріне барса – табысқа жететінін анықтайды.
- Әр адамға жеке жаттығу жоспарын жасауға болады.
- Спорттық тактиканы анықтау.
- Өте ауыр физикалық жаттығулар шегін біліп, жарақат алмауға жәрдемдесетін мәлімет алуға болады.
Спортқа әуестігін тексеру
Әрине, баланың барлығы да спортқа бейім бола бермейді, десе де кейде генінде спортпен айналыспаған адамның да чемпион болуы мүмкін екен. Мәселен, орыстың атақты боксшысы Николай Валуевтің генін тексерген ғалымдар оған бокспен айналысуға болмайтынын айтады. Бірақ ген түзілімі оған чемпион болуға кедергі болмады. Ол жоғарыда біз айтқан 25-30 пайыздық мүмкіндікті пайдаланып жоғары нәтижеге қол жеткізе білді. Оның жағдайында жаттығу мен психологиялық факторлармен жұмыс жасауға біршама артық көңіл бөлген.
Қазірдің өзінде спорт мектептерінде баланың генін тексеру арқылы оның мүмкіндігін бақылайтын орталықтар ашылған. Кейінде де болашақ чемпиондарды анықтау үшін бапкерлер оның геніне қарап, дайындайтын болады екен. Бұл дегеніңіз, сіздің де (немесе балаңыздың) геніңізді тексеріп, қандай спорт түріне бейіміңіз бар екенін тексеруге болады деген сөз.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: shemetovs-fond.ru
А. Құлтай