Қақпашы 90-минутта гол соқты

Футбол әлемінде қақпашының ерлігі жайлы ауыз толтырып айтатын сәттер кездесіп тұрады. Көбіне өз иеліктерін қорғаумен бағана күзетшілері аты шығып жатушы еді, ал кейбір қақпашылар өз иеліктерін қорғап қана қоймай, сонымен бірге өзгенің де иелегін мазалағанды жақсы көретін болып отыр. Мәселен, Швеция біріншілігінде бір қақпашы ойынның бітуіне санаулы секундтар қалғанда, қарсы қақпаға гол соғып, командасына тең есепті сыйлаған.

Швеция біріншілігінің екінші дивизионында «Вернам» – «Варберг» командалары кездесу өткізіп, қақпашы ойынның бас қаһарманы атанған.

«Вернам» 2:3 есебімен ұтылып жатыпты, алайда, алаң иелерінің қақпашысы команданы қиын жағдайдан алып шығып, екінші қосымша минутта гол соғып кеткен. Сол арқылы, командасын жеңілістен құтқарып қалса керек. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/gmipmkuo6D4","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: rus.delfi.lv