Америкалық танымал «Forbes» журналы әлемдегі жылдық табысы жоғары спортшы арулардың рейтингін жариялады. Тізімдегі алғашқы үштікті теннисшілер иеленіп отыр.
Рейтинг көшін ресейлік Мария Шарапова бастады. Оның жылдық табысы 29,7 миллион доллар болған. Табысының көп бөлігін жарнама мен беделді компаниялармен қол қойған келісімшарттар негізінде тапқан. Сондай-ақ, жеке брендімен шығатын тәтті өнімдері де спортшының табысын еселей түсіпті.
Жылдық табысы жоғары спортшы арулар рейтингінің екінші сатысына Серена Уильямс (АҚШ) орналасқан. Оның жылдық табысы 24,6 миллион долларды құраса, үштікті 14,6 миллион доллармен Каролина Возняцки (Дания) қорытындылап тұр.
Жылдық табысы жоғары спортшы арулар рейтингі:
1. Мария Шарапова (Ресей, теннис) - 29,7 миллион доллар,
2. Серена Уильямс (АҚШ, теннис) - 24,6 миллион,
3. Каролина Возняцки (Дания, теннис) - 14,6 миллион,
4. Даника Патрик (США, автожарыс) - 13,9 миллион,
5. Ана Иванович (Сербия, теннис) - 8,3 миллион,
6. Петра Квитова (Чехия, теннис) - 7,7 миллион,
7. Симона Халеп (Румыния, теннис) - 6,8 миллион,
8. Ронда Роузи (АҚШ, ережесіз жекпе-жек) - 6,5 миллион,
9. Стэйси Льюис (АҚШ, гольф) - 6,4 миллион,
10. Агнешка Радваньская (Польша, теннис) - 6 миллион.