«Forbes» журналы жылдық табысы ең жоғары спортшылардың рейтингін жариялады. Жаңарған рейтингте мадридтік «Реал» шабуылшысы Криштиану Роналду көш бастап тұр.
31 жастағы сұрмергеннің соңғы 12 айдағы табысы 88 миллион долларды құраған. Екінші орынға аргентиналық Лионель Месси орналасқан. Оның жылдық табысы 81,4 миллион долларды құраған. Үштікке баскетболшы Леброн Джеймс (77,2 миллион доллар) еніп отыр.
Жылдық табысы ең жоғары 100 спортшының рейтингіне 10 спорт түрі бойынша 23 елдің өкілдері енген. Олардың ішінде 65-сі америкалықтар екен.
Жылдық табысы ең жоғары спортшылардың ондығы:
1. Криштиану Роналду (футбол) - 88 миллион доллар
2. Лионель Месси (футбол) - 81.4
3. Леброн Джеймс (баскетбол) - 77.2
4. Роджер Федерер (теннис) - 67.8
5. Кевин Дюрант (баскетбол) - 56.2
6. Новак Джокович (теннис) - 55.8
7. Кэм Ньютон (америка футболы) - 53.1
8. Фил Микельсон (гольф) - 52.9
9. Джордан Спайет (гольф) - 52.,8
10. Коби Брайант (баскетбол) - 50