Жозеге "Челси" мен ПСЖ таласпақ

Жозеге "Челси" мен ПСЖ таласпақ

«Реалдың» бас бапкері Жозе Моуриньонің Мадридте төртінші маусымға қалуы екіталай. Ол қазірден бастап қолда бар мүмкіндіктерді қарастыруда.

The Times-тің хабарлауынша, португалдық маманды иеленуге басты үміткерлер ретінде қазіргі уақытта тұрғылықты бапкерсіз жүрген бұрынғы клубы «Челси» мен қазіргі бапкері Карло Анчелоттидің  қызметіне көңілі толмаған ПСЖ клубтары саналады.

Бапкердің жақын достары оның «Сантьяго Бернабеуде» қалу ықтималдылығын бар болғаны 5 пайызға бағалап отыр. Ағымдағы маусымда Жозе команда ойыншыларымен шиеленіске түсіп, клуб жетекшілерімен келіспеушілікке тап болған еді.

Алайда, «Челси» мен ПСЖ-ның қызығушылығына қарамастан, Моуриньо әзірге өзінің болашағы жайлы нақты шешім қабылдамаған көрінеді. Чемпиондар Лигасында «Реалдың» жетістікке жетуі (ағымдағы аптаның сәрсенбі күні 1/8 финалында «Манчестер Юнайтедке» қарсы кездесу өткізеді) Моуриньоның Мадридте қалу мүмкіндігін арттырады. Дегенмен, басқа жағдайда португалдық Мадридпен қош айтысуға бір табан жақындайтын болады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: dynamo.kiev.ua

 

Ж. FM