Жозе Моуриньюның агенті "ПСЖ" президентімен кездесті

Жозе Моуриньюның агенті "ПСЖ" президентімен кездесті

"Бүгін француз баспасөздерінің бірінде "Реал" клубының қазіргі бас бапкері Жозе Моуриньюның агенті "ПСЖ" клубының президентімен кездесті" деген ақпарат пайда болды, деп жазады championat.com сайты. 

Сондай-ақ баспасөз хабарлағандай, агент пен президент арасындағы кездесуде португалиялық маманның "Пари Сен-Жермен" клубына ауысу мәселесі талқыланыпты-мыс. Жалпы, париждік клуб Моуриньюді алдағы жаңа маусымнан бастап-ақ клуб сапынан көргісі келетіндігін бұған дейін де айтты. Моуриньюден бөлек, осы орынға үміткерлер ретінде "Арсеналдың" жаттықтырушысы Арсен Венгер, "Малага" бапкері Мануэль Пеллегрини және украиндық "Шахтердың" бапкері Мирча Луческу сияқты тұлғалардың есімдері аталған еді.       

Бүгінге дейін, әлем баспасөздері Жозенің басқа клубқа ауысатындығы туралы аз ақпарат жазған жоқ. Олардың кейбірі "Моуринью мен "Реал" президенті Флорентино Перес биылғы маусым аяқталысымен, "корольдік клуб" бапкері өз орнынан кететіндігі жөнінде келісімге келді" дегенді де айтады. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sport-express.ua

Б. Қосмағамбет