Футболдан Қазақстан құрамасы мен қостанайлық “Тобыл” командасының шабуылшысы Бауыржан Жолшиев мәскеулік “Динамо” клубына ауысуы мүмкін. Бұл туралы Аламан спорт порталы хабарлайды.
22 жасар ойыншы үшін мәскеулік команда 1,5 миллион долларға шығындалуға дайын екен. Негізінде басында “Динамо” жетекшілері Бауыржан үшін 1,2 миллион доллар ұсынған екен. Бірақ бұл ұсынысқа “Тобыл” командасының жетекшілері келіспеген. Сол үшін де Дан Петреску жаттықтыратын команданың ұжымы футболшының бағасын 1,5 миллионға дейін көтерген.
Ал бұл сомаға “Тобыл” басшылары өздерінің маңдайалды шабуылшыларын сатуға дайын. Дей тұрғамен, Қостанай облысының әкімдігі Жолшиевті Ресейге жібергісі келмей отыр. Егер жақын арада Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі өздерінің рұқсатын берсе, Бауыржан “Динамо” жейдесін киюі әбден мүмкін.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: alaman.kz