«Жетісуға» жаңа бапкер келді

«Жетісуға» жаңа бапкер келді

Атақты ресейлік маман Омари Тетрадзе енді талдықорғандық «Жетісу» футбол командасының бас бапкерлік қызметін атқаратын болады. Бұл туралы ресейлік  "Спорт-Экспресс" басылымы хабарлайды.

Жексенбі күні «Жетісу» командасының жетекшілері 43 жасар бұл маманды ресми түрде ойыншыларымен таныстырды. Омари Тетрадзе мен қазақстандық команда арасындағы келісім-шарт қанша уақытқа жасалғаны әзірге белгісіз. Дегенмен, енді бұл маман «Жетісу» клубын алдағы бір маусымда жаттықтыратыны анық.

Айта кетейік, Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Омари Тетрадзе осы уақытқа дейін Мәскеу түбіндегі «Химки» командасын жаттықтырған болатын. Ол командадан Тетрадзе өткен жылдың қазан айында кеткен. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Ю. НИКУЛЛИН