Массагет порталы "Әлемде талай қызық бар" айдары арқылы әлемнің әр бұрышында, әр түкпірінде жасырынған талай қызықты бұдан бұрын да бөліскен болатын. Бүгін тағы да әлемнің ғажап қызықтарын әңгімелейміз.
♦ Тектоника Жерді парник газынан құтқарады. Егер оларды Жер сіңірмесе, бұл атмосферада көмірқышқыл газының критикалық массасына әкеледі. Нәтижесінде, Жер жылынып, нағыз "тозаққа" айналады;
♦ Көптеген адам Жер Күн жүйесіндегі тіршілік етуге болатын атмосферасы бар жалғыз планета екенін біледі. Бірақ Жердегідей тау жынысы Күн жүйесіндегі төрт ғаламшарда ғана бар екенін білмейді. Тау-тасы бар планеталар: Жер, Шолпан, Марс және Меркурий;
♦ Жер құрамы 32,1% темір, 30,1% оттегі, 15,1% кремний және 13,9% магнийден тұрады. Сонымен қатар, темірдің 88% Жердің ядросында орналасқан. Жер қыртысында 47% оттегі бар;
♦ Жердің көп бөлігі зерттелмеген. Жер бетінің 71 пайызын су алып жатыр, мұхиттар да нашар зерттелген. Соған қарамастан, Жердегі тұщы судың 68%-ы таулар мен мұздықтарда мұз қабаты түрінде тұрақты сақталады;
♦ Жер атмосферасы 10 мың км-ге дейін жетеді. Атмосфера тропосфера, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосфера қабатынан тұрады. Жер бетінен 50 км-ге дейінгі қашықтықта ауа тығыз, ал одан алыстаған сайын тығыздығы мен қысымы төмендейді;
♦ Экзосфера – ең жоғарғы қабат. Бұл ғарыш кеңістігінің қақпасы саналады. Онда атмосфера мүлде жоқ. Экзосфера негізінен өте төмен тығыздықтағы сутектен, гелийден азот, оттегі мен көмірқышқыл газынан тұрады;
♦ Жер толық дөңгелек емес, тұрақты айналуына байланысты пішіні сәл деформацияланған;
♦ Жер бетінде қайнаған өзендер бар. Перу ормандарының Майантуяку аймағында ұзындығы 6 километрден асатын "Шанай-Тимпишка" өзені суының температурасы 45-100° С-қа жетіп, кейбір бөлігі қайнап жатады. Бұл өзен адам үшін де, жануар үшін де қауіпті саналады;
♦ Жыл сайын біздің планетамызға оттегі, никель, темір, көміртегі және басқа элементтерден тұратын 40 000 тонна ғарыш шаңы түседі;
♦ Жерде күн сайын күн күркіреп, найзағай ойнап тұратын жер бар. Венесуэланың солтүстік -батысындағы Маракайбо көліне құятын Кататумбо өзенінде күніне он сағатқа жуық күн күркірейді және орташа есеппен минутына 30-ға жуық найзағай ойнайды;
♦ Барлық жануардың 75%-дан астамы 300 жылдан кейін жоғалып кетуі мүмкін;
♦ Күн сайын Жерде 200 мыңға жуық адам дүниеге келеді;
♦ Жердің бүкіл тарихында шамамен 106 миллиард адам болған.