- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Жаттығу жасағанда есте...
Жаттығу жасағанда есте болатын нәрсе
Қыстың қысқа күндері келе жатыр. Бұл уақытта адамдар жылы жерден шыққысы келмейтіні рас. Алайда қозғалыссыз, бір жерде отыру артық салмақ қосуға себеп болады. Ал белсенді қимыл-қозғалыста болу денсаулыққа пайдалы. Сондықтан жылдың осы мезгілінде жаттығумен, денені шынықтырумен айналысудың маңызы зор. Төменде жаттығу кезінде жіберілетін қателіктер тізімі көрсетілген. Бұл қателіктерді болдырмағаныңыз дұрыс.
Сіз жаттығу залына барып, аз ғана жаттығудан соң қарныңыздың ашқанын сезесіз. Сөйтесіз де, спортпен көп шұғылдансам, қарным тез ашады деп түйесіз. Өйткені жаттығу тәбетті ашады. Демек, күн сайын жаттығу залына барып тұру арқылы ешқандай да диетасыз салмақ тастауға болады. Сондықтан сіз өзіңіздің аш болуыңызды жаттығудан көрмеңіз. Оған «кінәлі» – диета тұтып жүргеніңіз.
Спортпен таңертең аш күйде айналысасыз. Мұндағы ойыңыз – азғадағы көп калорияны азайту. Мамандардың айтуынша, жаттығумен күндіз айналысқан жөн: бұл уақытта тері жылып, ағза толық оянып бітеді. Сонда ғана сіз белсенді түрде спортпен айналыса аласыз. Бұл уақытқа дейін тамақтанып та үлгересіз.
Спортпен айналысу арқылы бір нәтижеге қол жеткізем деп жүріп, кейде жаттығу залында шектен тыс уақыт өткізесіз. Мәселе сіздің қанша сағат жаттыққаныңызда емес, қалай жаттыққаныңызда. Сондықтан өзіңізді қатты шаршатпай, жаттығу залынан уақытылы қайтыңыз. Артық қылам деп, тыртық қылып алмаңыз.
Сіз үнемі бір ғана жаттығуды қайталай бересіз. Өкінішке орай, адамдар бірізділікке үйреніп алады да, жаңа дүние жасаудан қорқақтайды. Жан-жақты білім алу арқылы ақыл көбейсе, дәл сол секілді әр түрлі жаттығу жасаудың да өзіндік пайдалы тұстары жетерлік. Егер күн сайын бір жаттығуды қайталай берсеңіз, бар шыныққаныңыздың жартысының да түкке тұрмағаны деп есептеңіз.
Егер жаттығудан соң бір жеріңіз ауырып, шаршамасаңыз, жаттығу текке кетті деп ойлайсыз. Жаттығудан соң, ауырлық сезінбесеңіз, онда денсаулығыңыздың қуатты болғаны. Демек, сіздің жаттығуыңыз тіпті нәтижелі өтті деген сөз.
М. Ақан