Пермь классикалық университеті ерекше нейротармақ (нейросеть) жасап шығарды. Ғалымдар нейротармақ арқылы Ресейде футболдан өтетін әлем чемпионатын кім жеңіп алатынын алдын ала болжады. Жасанды интеллекттің болжауына қарағанда, әлем чемпионатында Германия жеңіске жетіп, чемпиондығын сақтап қалады. Ал, Ресей тіпті топтан да шыға алмай қалады екен. Жасанды интеллект зерттеу нәтижесін шығару үшін өте үлкен мәліметтер базасын пайдаланды: ойналатын алаңның хал-жайы, ойыншылардың физикалық қуаты, ойында болатын жарақаттар, ойынннан шеттету, ауа райы. Зерттеушілердің айтуынша бұл болжамның анықтығы 80 пайыз екен. Алдыңғы үштікке Германия, Бразилия және Аргентина кіретінін де жасанды интеллект есептеп шыққан. Алаң иелері Ресей 32 орыннан 27 орынға көтеріледі екен. Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионаты 14 маусым күні Ресей Сауд Арабиясы кездесуінен старт алады.