- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Жапон зергері Мессидың...
Жапон зергері Мессидың аяғын алтыннан құйды
Гинза Танака есімді жапондық зергер испандық «Барселонаның» форварды Лионель Мессидың сол аяғының қалпын алтыннан құйып, танылды деп хабарлайды Associated Press. Мүсінше Токиода өткен көрмеде 6 наурызда қойылған. Ал оның құны 5,25 миллион доллар.
Мүсінше көлемін айтсақ, биіктігі - 25 сантиметр, ал ені - 28 сандиметр. Жалпы салмағы 25 келі екен.
Бүгін ол аукционға қойылып, онымен бірге сол аяқтың көшірме мүсіншесі (42 мың доллар) мен футболшының аяқ іздері (94,5 мың доллар) сатылымға шығып отыр.
Токиода өткен баспасөз конференциясында Лионель Мессидың өзі болмаған. Ал видеохабарламада ойыншы жапон зергеріне көп рахмет айта отырып, бұл құрметін өзі үшін үлкен абырой санайтындығын жеткізген. Конференцияда Мессидың інісі Родриго болған. Ол зергердің шеберлігіне таңғалысын білдіріпті.
Қорға түскен ақшаның тең жартысы Месси қорына аударылады екен (Ол өзінің қорындағы қаржыны асарға мұқтаж балаларға аударады).
Ал зергер де өз кезегінде түскен қаржыны балаларды қолдау ұйымдарының банк есебіне аударатынын мәлімдеген (Нақтысында 2011 жылы Жапонияда болған Цунамиден жапа шеккен жандарға көмектесу ұйымы).
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: lenta.ru
А. Құлтай