Германия бундеслигасында жеңіс дегенді ұмытқан дортмундтық «Боруссия» 7 тур араға салып толық үш ұпайды еншіледі. Өз алаңында менхенгладбахтық «Боруссияны» қабылдаған Юрген Клопп шәкірттері бір доп басымдығымен жеңіске жетті. Ал алаң иелеріне жеңіс сыйлаған голды қонақтар жартылай қорғаушысы Кристоф Крамер өз еншісіне жазды. Германия ұлттық құрамасының ойыншысы қақпашыға пас беремін деп, өз қақпасына жанкүйер қауым күтпеген ерекше автогол соқты. Нәтижесінде 10 ұпай жинаған «Боруссия д» 15-ші орынға тұрақтап тұр.
Сурет: sportbild.bild.de