Бүгін біз сіздерге футболдан жаз маусымында қақпашылар қателігінен орын алып, жанкүйерлер күтпеген голдарды назарларыңызға ұсынамыз. Голдар қатарына Игорь Зенковичтің "Батэ" қақпасында тулаған добы да еніп отыр.
Қақпашы - команданы соңғы сәтте голдан құтқаруға барын салатын белді ойыншысы. Футболда кейде әйгілі тіс қаққан қақпашылардың өзі қателесіп жатады. Мұны да футболдың бір қызығы деп қарауға болады. Бірде сәттілік, бірде сәтсіздіктің алмасып келуі - осы спорт түрінің бір заңдылығы.
1 маусым күнгі Бразилияның екінші дивизионындағы "Икаса" мен "Авай" арасындағы кездесу. "Икаса" қақпашысы Клейтон Камилоның қателігі.
//2 маусым күнгі АҚШ құрамасына қарсы кездесуде неміс қақпашысы Марк-Андре тер Стеген қателігі.
//
28 маусым күнгі жастар арасындағы Мексикаға қарсы кездесуде Мали қақпашысы Жермен Бертенің қателігі.
//
Чемпиондар лигасының финалында сәтті өнер көрсеткен "Боруссия д" қақпашысы Роман Вайденфеллердің қателігі.
//
Германияның екінші дивизионындағы дрездендік "Динамоға" қарсы кездесуде "Кельн" қақпашысы Тимо Хорнның қателігі.
//
Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Шахтерден" жеңілген "Батэ" қақпашысы Андрей Горбуновтың қателігі. Бұл қателікті Игорь Зенькович сәтті пайдаланған болатын.
//
"Ворскла" қақпашысы Дмитрий Непогодовтың донецкілік "Металлургке" қарсы кездесудегі қателігі.
//
"Вииторул" қақпашысы Космын Выткэның "ЧФР" командасына қарсы кездесудегі қателігі
//
11 тамыз күнгі "Челсидің" екінші нөмірлі қақпашысы Марк Щварцердің римдік "Ромаға" қарсы кездесудегі қателігі.
//
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: www.eurosport.ru