- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Жаңбыр сатқан адам...
Жаңбыр сатқан адам
Жаңбыр сатушы деген сөз құлаққа оғаш естіледі: "Жаңбырды сатуға бола ма?" Иә ол сондай. Чарльз Хэтфилд есімді адам осындай ерекше қабілетімен тарихта қалды.
Ол 1875 жылы Канзаста ағылшын отбасында дүниеге келген. Ересек шағында тігін машинасын сатумен айналысқан. Бірақ ол жасанды жаңбыр жауғызу арманымен өмір сүрді. Бос уақытында метеорология, химия, физика пәндерін оқыды. 1902 жылы Чарльздың көп жылғы қажырлы еңбегі өз жемісін берді. Ол ылғалды бағындыру әдісін ойлап тапты. Оның жаңбыр жаудыру әдісіне 28 заттың қоспасы кірді. Бұл заттар өзара әрекеттесу нәтижесінде қызып, буланып нәтижесінде жаңбыр жауатын.
Пікірталасқа түскен алғашқы тәжірибе жақсы ақша әкелді. Екі жыл бойы тәжірибесін жетілдіргеннен кейін Чарльз маңызды кәсіппен айналысуды шешеді. Ол және ағасы Пол бірнеше газеттерге жарнама беріп, Калифорниядағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге өз қызметтерін ұсынады. Ол 50 долларға ғана жаңбыр жауатынын, ақшаны алдын ала емес, кейінірек төлеуге болатынын айтады. Кейбір шаруалар бұған сенбесе де, тәуекелге барып, онымен келісім-шартқа отырады. Чарльз бір жерден ең биік төбені тауып алып, оның үстіне алты футтық ағаш мұнара тұрғызады.
Мұнара ішіне мырыш қазанын орнатып, ішіне ылғал сіңіретін зат құйып, от жағады. Жағымсыз иіс айналаға таралып, бу көкке көтеріледі. Екі күннен кейін нөсер нөсер жаңбыр жауа бастайды. Чарльз Хатфилд үшін ақша емес, "Жаңбырдың билеушісі" атағы маңызды еді.
1915 жылы құрғақшылық орнаған кезде Калифорниядағы Сан-Диего үкіметі Чарльздан су қоймасын 10 000 долларға толтырып беруді сұрайды. Морена көлінің жағасында Чарльз жаңбыр жаудыратын мұнарасын орнатады. Реакцияны бастайды.
1916 жылы Чарльз 25 000 долларға келісімшартқа отырды. 1928 жылы Калифорнияда кеуіп қалған Ұлы Аю көлі суға толтырады. Бір жылдан кейін Гондурас үкіметі оны ірі табиғи өртті сөндіруге шақырады. Бұл "Жаңбыр билеушісінің" соңғы жетістігіеді. 1929 жылы басталған Ұлы депрессия Чарльз Хэтфилдті банкротқа ұшыратты.
Ол 1958 жылы 83 жасында қайтыс болып, "ылғалды үдеткіш" әдісінің сырын ешкімге айтпай кетті.
А. Оралқызы