Украиналық жігіттің жалпақ алақаны жарты аңыз болып отыр.
Жаңғақты екі-ақ саусағымен шағатын армрестлингтен Украина чемпионы Денис Цыпленков тек күш-қуатымен ғана емес, жалпақ алақанымен де аты шыққан жан. Тіпті, ойдан шығарылған Халк пен Шрек секілді кейіпкерлеріңіздің өздері де жарты жолда қалатындай...
31 жастағы Денис Украинаның Кривой рог қаласында дүниеге келген. Бүкіл балалық шағы спорт секциялары мен клубтарда жаттығу жасаумен өтіпті. Ертеректе армрестлер болмай тұрып, ол алдымен гір көтерумен айналысқан. Гір спортында толласыз жетістіктерге жетіп, алыс аймаққа аты шыққан соң, тастап кетіпті. Кейіндеу армрестлингке келіпті. Бірден жоғары нәтиже көрсетіп, соның дәлелі ретінде 2010 мен 2011 жылдары Немироффте өткен әлем чемпионатын жеңіп алған.
Бір қоса кетерлігі, Денис Цыпленков Ресей аумағында ең үлкен әрі ең қуатты бицепске (шынтақты бүгетін бұлшық ет) иелік ететінін айтады - 64 сантиметр. Өгіз күш иесінің бойы 186 сантиметрді құраса, салмағы таза бұлшық етпен алғанда 140 келіге жетіп қалады. Алайда, ең таңқаларлығы әрі ең бір тамашасы – ол оның үйлесімсіз жалпақ алақаны. Қол шынашағының өзі, басқа саусақтарды айтпаған күннің өзінде, көпшілік адамдардың үлкен саусағынан екі есе үлкен болып отыр. Жалпақ білегі де бір тақырып – айналма төңірегі 24 сантиметр.
Көпшілік бұл суреттерді көріп, фотошоп екен деп қалар. Әрине, ұғымға сыймасы анық. Бірақ төмендегі видеодан қатты жаңғақты екі-ақ саусақпен шаққанын көрген болсаңыз, онда...
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/2NXzFq3pGLY#t","width":"450","height":"338"});
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ky9PzwW7AhY#t","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
сурет: dezinfo.net