Жалған болса да біз сенетін аңыздар

Біз жеке адамдардың өмірі туралы белгілі бір тарихи оқиғалар мен аңыздарға сенетініміз соншалық, кейде олардың жалған екенін жоққа шығарамыз. Назарыңызға түбі жалған, бірақ шындық ретінде таралған бірнеше деректі ұсынамыз.

Миф: Гректер Трояны жаулап алу үшін троялықтарға ат мүсінін сыйлаған

Шындық: Гректердің мақсаты Трояны бағындыру болатын. Бірақ олар осы мақсатта Трояға ешқандай да ат мүсінін сыйламаған. Керісінше, Трояның алып қабырғаларын бұзып өту үшін, алып ағаш ат мүсінін пайдаланған.

Миф: Менделеев химиялық элементтердің периодтық жүйесін түсінде көрген.

Шындық: Ғалымның өзі бұл түске байланысты қауесетті көзі тірісінде-ақ жоққа шығарып, былай деген: "Мен онымен (кестемен) жиырма жыл бойы әурелендім". Түс туралы оқиғаны шындығында Менделеевтің досы, мұғалім А.Иностанцев  шәкірттерінің көңіл-күйін көтеру үшін әзіл ретінде ойлап тапқан.

Миф: Египеттің патшайымы Клеопатра египеттік болған

Шындық: Мысырдың атақты патшайымы грек болған. Клеопатра Александрияда дүниеге келген. Оның арғы тегі Птоломей, ол  Александр Македонскийдің қолбасшыларының бірі. Ескендір қайтыс болғаннан кейін Птоломей Египетті жаулап алды.

Миф: Египет пирамидаларын құлдар салған

Шындық: Египет пирамидаларын құлдар емес, еркін және кәсіби жұмысшылар салған деген көптеген бұлтартпас дәлелдер бар.

Миф: Теңіз қарақшылары тек ер адамдар

Шындық: Теңіздер мен мұхиттарда тек ер адамдар қазына іздеп, жолаушыларды тонамаған. Әйелдер де оларға жақсы бәсекелес бола алған. Олар қарақшылық пен  тонаушылық жағынан ерлерден қалыспаған. Мысалы тарихта аты қалған Жанна де Белвиль, скандинавиялық ханшайым қарақшы Альвильда, Леди Килигру, Мэри Энн Блэйд сынды қарақшы әйелдер болған.

Миф: Гладиаторлар әрқашан алаңда қайтыс болған

Шындық: Ең тәжірибелі және білікті жауынгерлер жоғары бағаланған және олардың көпшілігі ұзақ өмір сүрген. Гладиаторлардың сүйектерін талдағанда олар жүзден астам шайқасқа қатысқанын және ұзақ өмір сүргендігін көрсеткен.

Миф: Англияның әйгілі королі Артур (сиқыршы Мерлиннің досы) тарихи тұлға

Шындық: Артур ешқашан болған емес. Мүмкін бұл атау тарихта басқа есіммен танымал адамға қолданылған шығар.

Миф: Салери (Моцарттың қарсыласы) Моцартты улаған

Шындық: Салериде Моцартты өлтіретіндей себеп жоқ еді. Өйткені ол сол кезде Моцартқа қарағанда жолы болғыш, дәулетті және атақты болған. Салериге тағылған барлық айыптар оның көзі тірісінде жоққа шығарылған.

Миф: Ежелгі мүсіндер мен ғимараттардың барлығы ақ түсті

Шындық: Ежелгі өнер шынында да ақ түске байланысты. Бірақ ғимараттар мен мүсіндер бір кездері түрлі-түсті етіп боялған. Уақыт өте келе бұл түстер өшіп қалған. Бүгінде ультра күлгін сәулелер арқылы ежелгі ескерткіштердің шынайы түсін көруге болады.

Миф: АҚШ ковбойлары атуды ұнататын

Шындық: Шындығында, мұндай идея батыстық фильмдер арқылы пайда болды.

Миф: Иван Грозный өз ұлын өлтірді.

Шындық: Ешқандай жазбада Иван ханзаданың өлімі адам қолынан деген жазба жоқ. Иван патшаның Мәскеуге жіберген хаттарынан ұлының аурудан қайтыс болғанын анықтауға болады. Мұны заманауи зерттеушілер де растады.

Миф: Альфред Нобель әйелінің математик ғалыммен әуейі болғаны үшін өзінің сыйлығына математика саласын қоспаған

Шындық: Альфред Нобель ешқашан үйленбеген. Нобель сыйлығының математика жетістіктеріне берілмеуінің себебі оны Нобель абстрактілі ғылым деп санаған

Миф: Ежелгі Спартада әлсіз сәбилер құздан лақтырылған

Шындық: Иә, шынында да Спарта жеріндегі құздан адамдардың сүйегі табылған. Алайда, аңызға айналған жартастан табылған қалдықтарды талдау кезінде зерттеушілер бұл қалдықтардың 18 мен 35 жас аралығындағы ер адамдарға тиесілі екенін анықтады.