Испания мен Уругвай құрамалары жартылай финалға шықты

Испания мен Уругвай құрамалары жартылай финалға шықты

Бүгін, 24 маусым күні, Конфедерация Кубогі аясында өткен В тобындағы 3-турдың қорытындысы бойынша Испания және Уругвай құрамалары жартылай финалға шықты. Олар енді Бразилия мен Италия құрамаларына қарсы кездесу өткізетін болады.

Конфедерация Кубогі топтық кезеңінің соңғы турында В тобындағы турнирлік жағдай былай қалыптасты: Нигерия жарыс жолын жалғастыру үшін әлем чемпиондарымен болған матчта жеңіске жету қажет болды. Өз кезегінде уругвайлықтардың Таитидің тас-талқанын шығаратынына ешкім 

күмән келтірмеді. Ал мұндай жағдайда испандықтармен тең түсудің өзі Африка чемпиондарына ештеңе әкелмейтін еді.

Осыған байланысты Нигерия құрамасының бас бапкері велосипедтің жаңа моделін ойлап табуға күш жұмсамай, «қызыл фуриямен» ашық футбол ойнауды жөн көрді.

Нигериялықтар  ойын басталысымен шабуылға көшті , бірақ бірден қарымта шабуылға тап болды. Иньеста Омеруоны әдемі алдап өтіп, қақпаға соққы жасаған болатын, бірақ Нигерия қақпашысы Эньяма қауіптің бетін сәтті қайтара алды. Шабуылда сәтті ойын өрнегін көрсеткен испандықтар кездесудің небәрі 6-минутында есеп ашты. Гол авторы Хорди Альба.

Осыдан соң қарсыластар бірнеше рет шабуылдармен алмасты. Алдымен испандықтардың айып алаңында Микела өз мүмкіндігін жіберіп алса, артынша Мба Вальдес қақпасына соққы бағыттады алайда, доп қақпа сызығынан ары аспады. Испандықтардың шабуылы кезінде қақпашымен бетпе-бет шыққан Сольдадо допты дәл қақпашыға бағыттайды. Есепті еселеу мүмкіндігі толып жатты – дәл сол Соьдадо екінші ретте де Эньямадан айласын асыра алмады, ал Фабрегастың соққысы бағанадан кері қайтты.

Екінші тайм голмен басталуға жақын қалды: Идейе Вальдестің қателігін қолдана алмай, Мусаның пасын бос қақпаға бағыттай алмады. Таймның ортасына қарай алаңға шыққан Торрес Педроның көтеріп берген добын құлап барып қақпаға баспен салды. Негізгі уақыттың аяқталуына бір минут қалғанда Хорди Альба кездесуге нүкте қойды.

Бір сөзбен айтқанда уругвайлықтар Таити құрамасына қарсы қызықты кездесу өткізді. Басты назарда осы кездесуге негізгі құрамда шыққан Абель Эрнандес болды. Ол бірден төрт голдың авторы атанды. Уругвай құрамасы сапында көзге түскен тағы бір ойыншы – «Рубиннің» бұрынғы футболшысы Андрес Скотт. Ол нәтижелі паспен, соғылмаған пенальтимен және қызыл қағазбен ерекшелене алды. Ал матч аяқталуға жақын қалған кезде алаңға шыққан Суарес қатарынан екі голдың авторы атанды.  
Айта кетсек, арал тұрғындары да ойынды 10 адам болып аяқтады.

 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: footballtop.ru, championat.com

Ж. FM