Футболдан Исландия ұлттық құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына қатысады. Осыдан екі жыл бұрын олар Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне де алғаш рет қатысқан еді.
Түнде Рейкябикте өткен ойында алаң иелері Косово құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Нәтижесінде 10 ойыннан кейін 22 ұпай жинап, "І" тобында бірінші орын алды. Сондай-ақ Исландия әлем чемпионатына қатысатын халық саны ең аз құрама атанып, рекорд жаңартып отыр. Бұл елдегі халықтың саны - 330 000 екен. Осыған дейін әлем чемпионатына халық саны ең аз құрама (1,3 миллион) ретінде Тринидад және Тобаго құрамасы қатысқан.
Ал Киевте Украина құрамасын 2:0 есебімен сан соқтырған хорваттар екінші орынға тұрақтады. Шақпақ жейделі команда қосымша ойын арқылы бір жолдамаға таласатын болады.
Кеше әлем чемпионатына 15 құраманың жолдама алып үлгергені жайлы жазған едік. Бүгін бұл қатарды Исландиядан бөлек, Сербия құрамасы да толықтырды. Олар өз алаңында Грузияны 1:0 есебімен ұтып, "D" тобында бірінші орын алды.
Әлем чемпионатына іріктеу. Х тур
"G" тобы
Израиль - Испания – 0:1
Гол: Ильяраменди, 76
Албания - Италия – 0:1
Гол: Кандрева, 73
Македония - Лихтенштейн – 4:0
Голдар: Муслиу, 36, Трайковски, 38, Барди, 67, Адеми, 69
"D" тобы
Сербия - Грузия – 1:0
Гол: Гудель, 74
Уэльс - Ирландия – 0:1
Гол: Макклин, 57
Молдова - Австрия – 0:1
Гол: Шауб, 69
Алаңнан қуылды – Ионита, 55 (Молдова)
"I" тобы
Украина - Хорватия – 0:2
Голдар: Крамарич, 62, 70
Исландия - Косово – 2:0
Голдар: Сигурдссон, 40, Гудмундссон, 68
Финляндия - Түркия – 2:2
Голдар: Араюури, 76, Похьянпало, 88 – Тосун, 57, 84