- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Иньеста жылдың үздік...
Иньеста жылдың үздік плеймейкері атанды
Халықаралық футбол статистикасы мен тарихы федерациясы (IFFHS) 2012 жылғы үздік плеймейкерлердің тізімін жариялады.
Бұл тізімнің алғашқы үштігінде “Барселона” футболшылары орналасқан. Дәлірек айтатын болсақ, 146 ұпай көрсеткішімен тізімнің бірінші сатысында Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Андреас Иньеста орналасқан. Екінші сатыға тағы бір Испания құрамасының ойыншысы Хави Эрнандес 128 ұпаймен жайғасқан. Ал 2012 жылғы “Алтын доптың” иегері Лионель Месси үздік үштікті қорытындылап тұр.
IFFHS. 2012 жылдың үздік плеймейкері
1. Андрес Иньеста (Испания, «Барселона») -146 ұпай
2. Хави Эрнандес (Испания, «Барселона») - 128
3. Лионель Месси (Аргентина, «Барселона») - 97
4. Андреа Пирло (Италия «Ювентус») - 87
5. Месут Озил (Германия, «Реал») - 43
6. Криштиану Роналду (Португалия, «Реал») - 34
7. Давид Сильва (Испания, «Манчестер Сити») - 9
8. Яя Туре (Кот-д'Ивуар, «Манчестер Сити») - 9
9. Неймар (Бразилия, «Сантос») - 9
10. Стивен Джерард (Англия, «Ливерпуль») - 8
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет:sport.news.am