- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Хорват боксшысы қатал...
Хорват боксшысы қатал жазаланды
Бокстан Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан жастар арасындағы Еуропа чемпионатында жеңілісіне наразы болған хорват боксшысы өзін-өзі ұстай алмай төрешіні рингте соққыға жыққан.
Видо Лончар жұдырықтасу сәтінде ауыр соққыны өзіне дарытып алғаннан кейін, төреші жекпе-жекті тоқтатқан. Өз уақытында дайын болдым деп ойлаған боксшы бас қазы шешімімен кездесуді жалғастыра алмайды. Нәтижесінде бұл нәтижеге наразы болған боксшы төрешіні соққыға жыққан. Ал ол сәтте оның қарсыласы литвалық Альгирдас Баниулис шаршы алаңнан қашып кеткен. Ұйымдастырушылар ажыратқанға дейін таяқ астында қалған төреші ауруханадан бірақ шығыпты.
Аталған елдің ұлттық федерациясының бас хатшысы Марко Марович жас боксшының спорттан өмір бойына шеттетілгенін хабарлады.
- Орын алған оқиға еліміздің абыройына, жарыстың ұйымдастырылу деңгейіне нұқсан келтірді. Аз ғана минуттың ішінде абыройдан жұрдай етті. Сондықтан өмір бойына спорттан шеттетілу жазасы әділ деп ойлаймын, - деді.
Cурет: eurosport.ru
О. Сансызбай