Испания құрамасы мен каталондық "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Хави Эрнандес кеше Нуринмен отбасын құрды, деп хабарлайды Sport.es.
33 жастағы аты аңыз ойыншы мен Нурин ортасындағы неке рәсімі Блан қаласында болып өткен. Кеште Хавимен бір командада өнер көрсететін ойыншылар келіпті.
Естеріңізде болса, өткен жылы, 2012 жылы Хави каталондық клубпен арадағы келісімді 2016 жылға дейін ұзартқан болатын. Сол жолы команда басшылары ойыншымен күні бұрын келісімге барып еді.
Спорттық ғұмырының барлығын «Барселонада» өткізіп келе жатқан талантты футболшы дос құрбысына үйленіп отыр.
сурет:sport.news.am
Дайындаған: Фараби Арыстанбек