Каталондық “Барселона” командасының бұрынғы бапкері Хосеп Гвардиола келер жылдан бастап мюнхендік “Бавария” командасын жаттықтыратын болады. Бұл туралы испандық Marca басылымы Sky Sports Italia газетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қолдағы бар мәліметтерге сүйенсек, 41 жасар бапкер бүгінде неміс командасымен шартнамаға келісіп те қойған көрінеді. Ол “Баварияда” маусым соңында шартнамасы бітетін Юпп Хайнкестің орнын басатын болады.
Ал Kicker басылымының айтуынша, бүнгінгі таңдағы “Баварияның” бас бапкері Хайнкестің алдағы уақыттағы клубпен байланысы қаңтар айының соңына дейін шешілуі тиіс. Ол үшін жуық арада 67 жасар маман “Баварияның” спорт директоры Карл-Хайнц Руммениггемен кездесетін болады.
Айта кетейік, ертеректе испан басылымдары 100 пайыздық сеніммен Гвардиола "Манчестер Сити" командасының тізгінін ұстайтынын айтқан болатын. Дегенмен аз уақыт ішінде ол ақпараттың жалған екені мәлім болды.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz