Бірінші орта салмақта әлемнің экс-чемпионы 27 жастағы ағылшын Дэнни Гарсияның әкесі әрі бапкері Анхель Гарсия WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин орынсыз мадақталып жүр деп есептейді, - деп хабарлады Vesti.kz порталы Аllboxing.ru басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
"Олардың GGG дегенді қайдан шығарғандарын білмеймін, - деді Гарсия. - Оны НВО адамдарынан басқа ешкім танымайды. Америка халқы оны білмейді. Олар оны кісі өлтірушіге ұқсатуға тырысып жүр. Ол жақсы, бірақ ешкіммен әлі жұдырықтасып көрген жоқ. Олар жоқ жерден жұлдыз жасағысы келеді. Ол әлі күнге қаныпезерлермен жұдырықтасқан жоқ. Котто оған алдымен бұрын менімен жұдырықтасқандармен кездес деуі керек. Солармен жұдырықтас, дайын болғанда маған қарсы шық деуі тиіс", - деді ол.
Еске сала кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін IBF чемпионы, канадалық Давид Лемьемен өткізеді. Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" аренасына жұдырықтасады. Жекпе-жек HBO телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Ал Қазақстанда кездесуді "Қазақстан" телеарнасы трансляциялайды.