Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 5 мамыр күні (Астана уақытымен 6 мамыр күні таңда) Калифорнияда (АҚШ) америкалық боксшы Ванес Мартиросянмен жұдырықтасады. Ванес Мартиросян тегі армениялық боксшы. Ол 4 жасқа толғанда отбасы АҚШ-қа қоныс аударған. Ал бокспен 7 жасынан бастап шұғылдана бастаған. Әкесінің өзі әуесқой боксшы болған. Ұлының да бокста биік белестерді бағындырғанын қалаған. Ванес Мартиросян кәсіпқой бокстағы барлық жекпе-жектерін бірінші орта салмақта өткізген. 33 жекпе-жекте қатарынан жеңіске жеткен. 2012 жылы кубалықЭрисланди Лараментең түседі. Араға бір жыл сала америкалық боксшыДеметриус Андрадегеұпай айырмасымен жол беріп, алғаш рет жеңіледі. 2015 жылы отандасыДжермелл Чарлоданжеңілген. 2016 жылы кубалықЭрисланди Ларағақарсы кездесу өткізіп, ұпай айырмасымен ұтылған. Одан бергі 2 жыл ішінде шаршы алаңға шықпаған. Америкалық боксшы 20 жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтқан. Ал бұл нәтижесін Геннадий Головкинмен салыстыруға келмейді. Отандасымыз 38 жекпе-жек өткізіп, тек Сауль Альвареске қарсы кездесуінде ғана тең түсті. 33 жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен ұтқан.