Американың Badlefthook.com порталы Головкин жекпе-жегінен қанша ақша түсетінін болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Басылым мысал ретінде кіші Мейвезердің соңғы кездесуін зерттеп көрді. Бұл жекпе-жекке барлығы 400 мың трансляция сатылған. Алайда ShowTime телеарнасының ұйымдастырушылары бұл жекпе-жекті сәтсіз деп бағалады. Себебі шығын көп болды, бұл соманың жартысы бас ұйымдастырушы Эл Хэймонға берілді. Сонымен қатар, ShowTime Мейвезер мен Бертоға гонорарларын төлеуге мәжбүр болды - 32 және 4 миллион доллар.
Головкин мен Лемье қанша ақша табатыны қорытынды көрсеткіштерге байланысты болады. Америка телеарналарының жұлдыздарына айналып үлгерген Головкин мен Лемье кіші Мейвезердің соңғы кездесуінен басым түсе ала ма? Badlefthook.com порталына мына сілтеме арқылы өтіп, дауыс беруге болады.
Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.