Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің қарымта кездесуінде қарағандылық «Шахтер» командасына «Глазго Рейнджерс» клубының жанкүйерлері қолдау көрсетпек. Бұл туралы bnews.kz сайты хабарлап отыр.
«Селтик» пен «Рейнджерс» Глазго қаласының ежелден қарсылас атанып келе жатқан футбол ұжымдары. Тарихы тереңде жатқан дербилердің кездесулерін асыға күтетін жанкүйерлер жетіп артылады. Бір Солтүстік Ирландияның өзінен бұл кездесуді тамашалау үшін мыңдаған жанкүйер Глазго қаласына ағылатын көрінеді. «Рейнджерс» футбол клубының тарихы 1873 жылдан басталады. Ал «Селтик» одан 14 жылдан кейін ирландиялық эмигрант – католиктердің ықпалымен құрылған ұжым. Алайда бұл команда құрылған сәтінен бастап Шотландияның католиктер ұйымымен тығыз байланысып келеді. «Кельттер» немесе «ақ-жасылдылар» деп аталатын команданың ақ-жасыл түспен төрт жапырағы бар жоңышқа бейнеленген таңбасы да Ирландияның бақыт әкелетін символы болып есептеледі. Бұл таңба шотландықтарға аса қатты ұнамайтын да көрінеді. Сонымен қатар, «Глазго Рейнджерс» протестанттардың жақтасы болып табылады. Қос дерби арасындағы соңғы кездесу «Селтиктің» пайдасына 3:0 есебімен шешілген болатын.
Глазголықтардың жартысы «Шахтерге» жанкүйер болуы мүмкін... «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі «Глазго Рейнджерс» команда жанкүйерінің парақшасында: «"Рейнджерс" командасының жанкүйерлері «Шахтерға» жақтасады. Олар қарағандылықтардың алқызыл жейделеріне тапсырыс беріп те қойған (20 000 дана). 28 тамыз күні "Селтик Парктың" жартысы қызыл-сары түске боялуы мүмкін» - деп жазады. Бұл жанкүйер жариялаған мәліметтің қаншалықты рас екенін сол күнгі кездесуде көретін болармыз.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/tuhvuHdG718","width":"450","height":"300"});
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: news.bbc.co.uk