«Манчестер Юнайтед» бас бапкері сэр Алекс Фергюсон өз мансабындағы 1000-кездесуін Райан Гиггз сейсенбі күні мадридтік «Реалға» қарсы өткізетінін растады.
Өткен аптада келісім-шартын бір маусымға ұзартқан Гиггз Манчестер Юнайтедтің сенбі күні «Норвичке» қарсы ойынында алаңға шықпаған болатын. Сэр Алекс 39 жастағы ойыншыны әдейі Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының шешуші кездесуіне сақтап қалған болуы керек.
«Гиггз сейсенбілік кездесуге қатысады. Біз бұл жігіт үшін мұндай сәтті жіберіп ала алмаймыз. Бұған ол лайық», - дейді Фергюсон MUTV-ге берген сұхбатында.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: fcmu.ru