Германия мен Щвеция кездесуі. Финалға бергісіз матч...

Германия ұлттық құрамасы 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Швеция құрамасымен тең ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz. "Олимпиаштадион" стадионында болған ойын өте тартысты өтті. 4:0 есебімен алда болған алаң иелері қонақтарға ойын соңына дейін есепті теңестіріп кетуге мүмкіндік беріп қойды.

Есепті алғаш болып есепті қонақтар сапынан 8-ші минутта ардагер ойыншы Мирослав Клозе ашты. Жеті минут өткеннен кейін Клозе есепті еселеп, дубль иесі атанды. 39-шы минутта Пер Мертазакер есепті 3:0 еткен еді. Ойынның бірінші таймы осы есеппен аяқталып, ойыншылар Германияның үлкен басымдылығымен 15 минуттық демалысқа кетті. 

Ойынның екінші жартысы да алаң иелерінің шабуылымен басталып, осының нәтижесінде 56-шы минутта Германия құрамасы сапынан түбі түрік Месут Озил есепті 4:0 жеткізді.

Енді өзгерместей көрінген бұл ойынның тағдыры 62-ші минуттан бастап жоққа шыға бастады. Себебі дәл осы минуттан бастап қайтпас шведтер ойынды өз қолдарына ала бастады. Бірінші болып команда капитаны, Еуропаның үздік шабуылшыларының бірі Златан Ибрагимович есепті қысқартты. Екі минут өтпестен-ақ Микаэль Люстиг мергендігімен көзге түсті. Бұл голдан соң шведтер тоқталып қалмайтындықтарын ашық көрсетіп, 76-шы минутта Юхан Элмандер ойындағы есепті минималдыққа жеткізді (4:3). Матчтың негізгі уақыты аяқталып, қосымша белгіленген 3 минутты ұтымды пайдалана білген Расмус Эльм Швеция құрамасын жеңілістен құтқарып қалды. Сонымен жан алысып, жан беріскен матч 4:4 есебімен тең аяқталды.  

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/f5BhA2aE6qE","width":"425","height":"350"});

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ru.uefa.com