Орта салмақта "WBA" (Super), "IBO", "WBC" және "IBF" тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин 18 наурыз күні кезекті жекпе-жегін өткізеді. Осыған дейін кәсіпқой бокста 36 жекпе-жекке қатысқан GGG оның бірде-бірінде жеңілмегенін жанкүйер қауым жақсы біледі. Бүгін «Obsessed» жинақтаған Генаның үздік 25 нокаутын назарларыңызға ұсынамыз.
Айта кетейік, Геннадий Головкиннің 37-ші жекпе-жегіндегі қарсыласы - Даниель Джейкобс. Америкалық боксшы кәсіпқой бокстағы мансабын 2007 жылы бастаған. Одан бергі аралықта 32 жекпе-жек өткізген. Оның 31-де қарсыластарынан басым түскен. 29 кездесуінде қарсыластарын уақытынан бұрын ұтып шыққан. Тек 1 жекпе-жегінде ғана жеңілген. 2010 жылы орта салмақта «WBO» уақытша белбеуіне таласта ресейлік Дмитрий Пирогтан жеңілген.
Дэнил Джейкобс орта салмақта «WBA» нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуге ие. Ол бұл белбеуді 2014 жылы аустралиялық Джаррорд Флетчерге қарсы жекпе-жегінде жеңіп алған болатын. Генаға қарсы кездесуде өз атағын бесінші рет қорғайтын болады.