Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 5 жыл бұрын Астана қаласында WBA тұжырымы бойынша чемпиондық атағын алғаш рет қорғаған болатын. Тәуелсіздік күні шаршы алаңға шыққан отандасымыз панамалық Нельсон Хулио Тапианы үшінші раундта ұрып құлатқан-ды. Нәтижесінде спорттық мансабындағы жиырмасыншы жеңісін тойлаған еді. Назарларыңызға Астанада өткен сол бір жекпе-жекті ұсынамыз.
Айта кетейік, бүгінде Геннадий Головкин әлемдегі танымал боксшылардың бірі. WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулердің иегері.