«Галатасарай» клубының президенті Унал Айсал егер команда «Реалды» жеңіп Чемпиондар Лигасының жартылай финалына жолдама алар болса, ойыншыларды жоғары сыйақы күтетінін мәлімдеді.
«Галатасарай» президенті Унал Айсал егер клуб ойыншылары «Реалдан» айласын асырып, Чемпиондар Лигасының келесі кезеңіне (жартылай финал) жолдама алса, оларға сыйақы беретін уәде етті», - дейді Marca. Егер команда алға қойылған мақсатқа жетер болса, әр футболшы 25 мың евро сыйақы алады.
Айта кетсек, Чемпиондар Лигасының ¼ финалында мадридтік «Реал» мен ыстамбұлдық «Галатасарай» Сантьяго Бернабеу стадионында күш сынасатын болады. Кездесу ертең Астана уақытымен сағат 00:30-да басталады.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: rambler.ru