- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Футболшылар күйзеліске көп...
Футболшылар күйзеліске көп ұшырайды
Жасыл алаңда теңбіл допты серік еткен футболшылар күйзеліске көп ұшырайды екен. Бұл туралы халықаралық кәсіпқой футболшылар қауымдастығының (FIFPro) зерттеу орталығы хабарлап отыр.
Сауалнама негізінде жүргізілген зертету бойынша қазіргі футболшылардың 38 %-ы жиі күйзеліске ұшырайтын болып шыққан. Оған ойыншылардың команда ауыстыруы, қосалқы құрамда қалуы, сондай-ақ жарақат алуы себеп болады екен. Ал мансабын аяқтаған футболшылардың 35 %-ының жүйке жүйесі жиі сыр береді екен. Сауалнамаға қатысқан 219 ардагер ойыншының 25 %-ы алкогольді ішімдіктерді күнделікті пайдаланатынын, 11 %-ы темекі шегетінін айтқан. Ал 28 %-ы ұйқы мәселесіне бас ауыртады екен.
FIFPro зерттеуіне 607 мансабын аяқтамаған футболшы қатысқан. Олардың 9 %-ы алкогольді ішімдіктерді пайдаланатынын, 4 %-ы темекі шегетінін, 25 %-ы ұйқыларының дұрыс емес екендіктерін мәлімдеген.
О. Сансызбай