Бүгін алғаш рет ФИФА-ның ресми ойынында видеоқайталау пайдаланылды. Жапонияда өтіп жатқан клубтар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында мажарлық төреші Виктор Кашшай видеоқайталаудың көмегіне жүгінді.
Өзге спорт түрлері секілді (теннис, хоккей, т.б.) видеоқайталау футболға да енгізілуі мүмкін. Қазіргі таңда бұл ережеге қатысты сынақ жүргізілуде. Себебі бұл спорт түрінде төрешілер кейде жиі қателікке бой алдырып та жатады. Осындайда видеоқайталаудың қажет болатыны жасырын емес. Дегенмен видеоқайталау ойынның қарқындылығын төмендетіп, уақыт алатыны тағы бар. Сондықтан да спорт сарапшылары мен көп жанкүйерлер футболға видеоқайталаудың енгенін құптамайды. Ал сіз қалай ойлайсыз? Футболға видеоқайталау қажет пе?