Егде жастағы кісі футбол ойнап жатқан бір топ жігітке барып, оларға қосылуын сұрайды. Ал жігіттер болса, жасы біразды алқымдап қалған қарияның өтінішін жерге тастамай рұқсатын береді. Алғашқыда қария ойынға дұрыс үйренісе алмай біраз қиналады. Алайда, кейіннен ол ашуға булығып жастарға футболды қалай ойнау керектігін көрсетеді. Бұл кезде қария ойыншыларды алдап жүріп әртүрлі трюк жасайды. Ал мұны бақылаған көрермендер қарияға дән риза.