Футбол ойынында бір ойыншының 5 гол соғуы – үлкен жетістік. Тіпті, мұндай жетістікті спорттық мансабында бағындыра алмай кеткен ойыншылар қаншама? Әрине, бір ойында 5 гол соғу – команданы жеңіске жеткізудің бір кепілі де.
Футболда пента-трик деп - бір ойында 5 гол соққан ойыншыны атайды. 1970 жылдарға дейін 5 гол соққан ойыншыны покер деп атап келген-ді. Кейіннен 4 гол авторы атанған футболшыны покер деп атады. Оған дейін бұл жетістікке жеткен ойыншы карэ деп аталған еді.
Сонымен төменде ұсынылғалы отырған бейнебаянда футбол тарихындағы ең үздік покер орындаушыларының голдары топтастырылған.
10. Карлос Эдуардо («Ницца» ойыншысы «Генгамды» ірі есеппен жеңуге септігін тигізген. 26.10.2014)
9. Алан Ширер (Ағылшын футболының аңыз ойыншыларының бірі «Шеффилд Уэнсдей» қақпасына 5 гол соғып, «Ньюкаслға» жеңіс сыйлаған. 19.09.1999)
8. Фернандо Морьентес (Мадридтік «Реалда» ойнаған футболшы «Лас-Пальмас» қақпасына 5 гол соққан. 12.02.2002)
7. Димитар Бербатов («МЮ» сапында ойнап жүрген шабуылшы «Блэкберн» қақпасын 5 рет дәл нысанаға алды. 27.11.2010)
6. Джермейн Дефо («Тоттенхэм» сапында ойнаған футболшы Англия премьер-лигасындағы ХХІ ғасырда 5 гол соққан бірінші ойыншы атанды. 22.11.2009)
5. Энди Коул ( Ағылшын премьер-лигасында екі рет пента-трик орындаған жалғыз ойыншы. 04.03.1995)
4. Луис Адриано ( Донецкінің «Шахтер» клубының шабуылшысы 2014/2015 жылғы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «БАТЭ» қақпасына 5 гол соқты. 22.10.2014)
3. Мирослав Клозе («Лацио» сапында ойнап жүрген неміс футболшысы «Болонья» қақпасына 5 гол соққан. 05.05.2013)
2. Радамель Фалькао (Мадридтік «Атлетикода» ойнап жүрген шабуылшы «Депортиво» қақпасын бес рет дәл нысанаға алды. 09.12.2012)
1. Лионель Месси («Барселона» көшбасшысы Чемпиондар лигасы тарихындағы ең алғашқы пента-триктің авторы. 08.03.2012)
Cурет: wall.alphacoders.com
Оқи отырыңыз
Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)
"Барселона" футболшыларының жалақылары қанша?
«Барселона» ойыншылары футболдан өзге қандай кәсіппен айналысады?
«Реалдың» Ди Марияны сатуының бір себебі айтылды