Әйгілі бразилиялық футболшы Пеле (Эдсон Арантис ду Насименту) 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына болжам жасады. Ол бұл додада отандастарын басты фаворит санайды.
Футбол патшасы Бразилия құрамасына зор сенім артады. Бас жаттықтырушы Титенің жоспары мен қазіргі ойыншылардың бабына күмән келтірмейді.
- Кім Бразилия құрамасына сенім артса, демек фаворит деп есептейді. Біздің жеңіске жетуімізге бар мүмкіндігіміз бар. Соңғы әлем чемпионатында бізде мықты ойыншылар болды. Тек команда дұрыс жасақталмады. Қазір Тите (Бразилия құрамасының бас жаттықтырушысы) барлығын түзеді. Сенім артуға лайық, - деді Пеле L'Equipe басылымына берген сұқбатында.
Айта кетейік, футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2018 жылдың 15 маусымы мен 15 шілдесі аралығында Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді. Бразилия әлем чемпионатының топтық кезеңінде Швейцария, Коста-Рика және Сербия құрамаларымен ойнайды.
Исландия мен Панама құрамалары өз тарихтарында бірінші рет шығып отыр. Қалған құрамалар бұған дейін әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шыққан.