Маруан Феллайни «Челси» жейдесін киеді
Лондондық «Челси» командасы «Эвертон» клубының жартылай қорғаушысы Маруан Феллайниді өз қатарларына қосу туралы келісімге келді.
Француздық L’Equipe басылымының айтуынша, 25 жасар бельгиялық ойыншы үшін «ақсүйектер» 27 миллион еуроға шығыдалуға дайын. Ал жеке ойыншы мен команда арасындағы шартнама бес жылға лайықталған. Футболшының айлығы Лондонда 5 миллион еуро болатынын да жазады басылым.
«Челси» сапында бельгиялық ойыншы осы жазда келісім-шарты бітетін Фрэнк Лэмпардтың орнын басады деп жоспарлануда.
Нури Шахин «Боруссияға» қайта оралады
Түркия құрамасының жартылай қорғаушысы Нури Шахин қысқы трансферлік үзілісте өзінің туған командасы дортмундтық «Боруссияға» қайта оралады.
Шахиннің қазірде мадридтік «Реал» командасымен 2017 жылға дейінгі келісім-шарты бар. Егер «Боруссия» бұл ойыншы өз қатарларына қосықысы келсе, испандық командаға кем дегенде 15 миллион еуро беру керек.
Кака мен Рональдиньо Ұлттық құрамаға қайта шақыртылды
Бразилия құрамасының жаңа бас бапкері Луис Фелипе Сколари Кака мен Роналдиньоны Ұлттық құрамада қайта ойнатқысы келетінін айтты.
Айта кетейік, Әлемнің бес дүркін чемпиондарының жаттықтырушысы қос жұлдызды 2013 жылғы Конфедерация Кубогында сынап көрмек.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: eurosport.ru