Футбол жаңалықтары:
Моуринью "Барсаны" жаттықтырғысы келеді...
"Барселонаның" экс-президенті Жоан Лапорта 2008 жылы Жозе Моуриньюдың каталондық клубқа таңдауы түскенін, алайда, сол уақытта басшылық Хосеп Гвардьоланың қолына көшкенін мәлім етті.
- Ол "Барселонаға" барғысы келді, - дейді Лапорта. - Бірақ, сол сәтте Гвардиоланы бас бапкер қылып тағайындауға шешім шығардық.
Сонымен бірге, испандық клубтың бұрынғы басшысы қан аздыққа ұшыраған Неймарға қатысты бір-екі ауыз пікірін қоса кеткен.
- Ол өте талантты ойыншы, - дейді Лапорта. - Командаға және Лео Мессиге көмектесуге тырысып жатқаны маған қатты ұнайды. Мессидің орнында болсақ, өзге де біреудің басты назарда болғаны ұнамас еді. Бұл тұста алаң сыртындағы қарым-қатынаста қиындықтар туындауы мүмкін.
Фергюсон ашық хат жазды
"Манчестер Юнайтед" клубының бұрынғы бас бапкері Алекс Фергюсон өзі жазған ашық хатында ағылшын футболының өсіп-өнуін мақтай кетіпті. 71 жастағы маманның сөзіне сенсек, қазіргі таңда ағылшын клубтары өзі футболға келген тұсқа қарағанда тартысты әрі қызық өтетіндігі айтылған.
- Ағылшын футболы 27 жыл бұрынғы ойынға қарағанда, жақсара түскен, - дейді Фергюсон. - Біріншілік пен стадиондар көңіл қуантпас жағдайда еді, және де ойыншылардың тәлім-тәрбиесі де замандық әдіс-тәсілдермен жүргізілмейтін. Сол жылдары бүгінгі күндегі телетабыстан (телеарна) түсетін қаржыны ойлап көрген емеспіз. Жанкүйерлер өмірі қауіп астында қалып, ал мемлекет басшылығы футбол суық қараушы еді.
Сол уақыттың футболын керемет санайтындар бар, алайда, мұның бәрі әсер ғана. Ол уақытта футбол ойыны мемлекет үшін жағымсыз рөл ойнаған еді, сонысы ауыр тиетін.
Фергюсонның ойынша, ағылшын біріншілігі Еуропа мен әлемдегі тартысқа толы ең мықты чемпионаттардың біріне айналған.
- Бізде өте тартысты бәсекелестік бар. Сол үшін де, біздің премьер-лига өзге еуропалық біріншіліктерден ерекшеленіп тұрады, - дейді "Манчестер Юнайтедтің" экс-жаттықтырушысы. - Жыл өткен сайын футболдың сапасы мен тартымдылығы арта түсуде. Бүкіл әлемде премьер-лигалардың танымалдылығы жанкүйерлерлердің ынтызарлығымен тікелей байланысты. Осы тұста жанкүйерлердің футбол саралап, жіктей алатын ерекше қасиеттерін айтай кетпеске болмайды. Мұндағы трибуналардарғы аураны айтсаңызшы. Бір ғана "Олд Траффорд" емес - "Гудисон", "Сент Джеймс Парк", "Энфилд" немесе "Уайт Харт Лейнге" ат басын бұрыңыз - барлығында керемет қолдау көрсетілмек. Бүгінгі таңда ағылшын футболының осы бір дәстүрлі көрінісі бүкіл жетістікке бастама болып отыр.
Давид Луис "Барсаға" бара ма?
Каталондық "Барселона" және лондондық "Челси" Бразилия құрамасының орталық қорғаушысы Давид Луис турасындағы трансферлік келіссөзді жүргізуде.
Mundo Deportivo таратып отырғандай, 26 жастағы футболшы «Барселонаға» ауысқысы келетінін және төменгі жалақыға да баратынын жасырмаған көрінеді.
Бүгінгі таңда "Челси" аталған қорғаушының трансферлік құнын 46 миллион еуроға бағалауда.
Месси 580 миллионға сатылады...
"Лионель Месси 580 миллион еуроға сатылады", - депті каталондық "Барселонаның" президенті Сандро Росель.
- "Барселонаны" тастап кеткісі келген барлық ойыншылар кетуі мүмкін, алайда, тек Месси емес. Мессимен арадағы ұйғарымды шарт - 250 миллион еуро. Егер оған аздап салықтық кіргізетн болсақ, онда 580 милион еуроға айналады", - деген Росель.
Естеріңізде болар, Аргентина құрамасы мен «Барселонаның» шабуылшысы аталған клуб сапында 2004 жылдан бері өнер көрсетіп келуде. 25 жастағы ойыншының келісімшарты 2018 жылы аяқталмақ.
Шакири сатылмайды, Шакири ойнайды...
Мюнхендік «Бавария» жартылай қорғаушысы Джердан Шакириді гельзенкирхендік «Шалькеге» сатудан бас тартты.
Goal.com хабарлауынша, «Шальке» басшылығы швейцариялық ойыншыны иемденуде ресми ұсыныс тастаған, алайда мюнхендіктер футболшының сатылмайтынын қысқа ғана қайырып құтылған.
Өткен маусымда Шакири неміс біріншілігінде 26 ойын өткізіп, 4 гол мен 6 нәтижелі пастың авторы атанған.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: ozguryazar.net; football-side.com; skorer.milliyet.com