Кеше футболдан Еуропаның көптеген елдерінде Кубок жолындағы кездесулер өтті. Жанкүйер есінде қалған кездесулердің бірі – Испаниядағы «Эль-класико» болса, бірі – Грекиядағы «ПАОК» пен «Олимпиакос» ойыны болды.
Еуропа лигасының топтық кезеңінде қарағандылық «Шахтермен» бір топта бақ сынаған салониктік «ПАОК» кеше «Олимпиакос» командасымен Грекия Кубогының финалына берілер жолдамасын сарапқа салды. Ойын алдында отшашу ұйымдастырған жергілікті жанкүйерлер «Тумба» стадионын толықтай көк түтінге тұншықтырды. Ережені сақтамаған жанкүйерлер бұнымен қоймай, қонақ команда жанкүйерлерінің трибунасына қарай балық та лақтырыпты. Ал ойын сол балықтар жиналғанша тоқтатылған.
Кездесудегі нәтиже 1:0 есебімен алаң иелері пайдасына шешілді. Алғашқы ойында «Олимпиакос» өз алаңында 2:1 есебімен жеңгенімен, қонақта соғылған голдың арқасында «ПАОК» ақтық сынға жолдама алды.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/y7YnpHru2K0","width":"450","height":"338"});
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/qFJx3urTqkk","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: atn.ua