- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Футбол әзілдері...
Футбол әзілдері
Назарларыңызға футбол әлемінің әзілдері:
Футбол ойыны үстінде:
- Балақай, мұндай қымбат билетке ақшаны қайдан алдың?
- Әкем сатып алған.
- Ал оның өзі қайда?
- Үйде, билет іздеуде...
* * *
Бірде жаттығудан соң ойыншы ойыншының қасына келіп, сөйлеп тұр дейді:
- Біздің команданың ойынын қалай жақсартуға болатынын мен білдім!
- Шынымен бе, сен командадан кетпексің бе?
* * *
- Қымбаттым, мен бүгін сенің теледидардан футболды қалай жүргізгеніңді көрдім.
- Қалай екен?
- Мен сені окулистің қабылдауына тіркетіп те үлгердім.
* * *
Футбол ойыны алдында футболшылардың бірі төрешіге ескертіп жатыр дейді:
- Ысқырма, әйтпесе ақша болмай қалады!
* * *
Спорт жаңалықтары: Футбол туралы бәрін айттық, ал енді Қазақстан біріншілігіне оралсақ.
* * *
Футболдың нағыз қызба жанкүйерлері отыр дейді. Бір-бірімен әңгімелесуде:
- Кеше қыздар футболын көрген болатынмын, соңы ғана жоқ екен, бар болғаны сол ғана.
- Мен де екі тайм бойы ойынның бітуін күттім де қалдым, жейде ауысулары қалай өтеді екен деп...
* * *
Өзіңіз-ақ алып қараңызшы: 22 ойыншы, 2 бапкер, 10 қосалқы құрам ойыншы, 1 төреші, екі қаптал төрешісі, 6 оператор, телеарнаның үш қызметкері, 50 спорт журналисі мен жалпы алғанда 80 000 жанкүйер, ал анау көгершін дәл менің төбеме саңғып кеткені бар ма?!
* * *
Футбол ойыны. Комментатор:
- Доп алаңның оң жақ бөлігінде, сол жақ, оң жағында, сол жағында. Жоқ, бұл қалай дегенмен де теннис.
* * *
Жанкүйер футбол ойынына кетуге дайындалуда... Әйелі:
- Сен өз "Қайратыңды" менен артық жақсы көресің...
- Бір соққы... Мен сосын "Ордабасыны да" сенен артық жақсы көрем!...
* * *
- Сен не істеп тұрсың? Сен өз қақпаңа гол салып жібердің ғой!
-Кешір, соққы жасауға керемет тұс екен, қарап тұра алмадым.
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Cурет: vot-otvet.ru
Л. Лига