Халықаралық автомобиль қауымдастығы «Формула – 1» жарыстарынан өтетін әлем чемпионатына қатысушыларға қатысты жаңа ереже жобасын бекітті. Бірақ, бұл ережелер 2016 жылдан бастап күшіне енетін болады.
2016 жылдан бастап «Формула – 1» жарыстарынан өтетін «Гран-При» додасына 18 жасқа толмаған автошабандоздар қатыса алмайды. Сонымен қатар, қатысушылар спорттық мансабында кем дегенде 300 шақырымды құрайтын жолды басып өтулері керек. Бұл ережеден кейін, әлем чемпионатына қатысуға бел буып отырған үміткерлер алдағы екі жылда дода деңгейлерін салыстырмай-ақ жарысқа қатысатыны сөзсіз.
Сурет: 10-walls.com