Флорентино Перес: «Бірінші бапкерді тағайындаймыз, сосын ойыншылармен айналысамыз»

Флорентино Перес: «Бірінші бапкерді тағайындаймыз, сосын ойыншылармен айналысамыз»

"Реал" президенті Флорентино Перес клубқа бапкер тағайындағаннан соң ғана жаңа ойыншыларды сатып алумен айналыспақ. 

Ойыншылар арасынан "Реал" ең бірінші болып "Тоттенхэм" жартылай қорғаушысы Гарет Бэйлды сатып алмақ ниетте. Бұл туралы Флорентино Перес осыған дейін де мәлімдеген болатын. Қазірдің өзінде корольдік клуб ойыншы үшін 85 миллион фунтқа шығындалуға дайын. Бірақ Бэйлдың клубқа ауысу мәселесі бас бапкер тағайындалғаннан кейін барып шешілмек.  

""Реал" әрқашан да тек үздік ойыншыларды сатып алуға тырысады. Ең бірінші біз өзіміздің жаттықтырушымызды таңдап алуымыз керек. Одан кейін барып қана команда құрамымен айналысамыз. Үздік ойыншыларға жұмсалған қаржы текке кетпейді. Ол инвестиция түрінде болып, оның қайтарымы міндетті түрде болады. 2000 жылы мен жоғары деңгейлі ойыншылар команданы өрге сүйреп, оны жеңісті жолға бастайтынын дәлелдедім. 

Осы аралықта айта кетерім, "Тоттенхэммен" келісімді мұқият жасауымыз керек. Біз Бэйлдың трансферін көп талқылағымыз келмейді. Себебі бұл клубқа кері әсерін тигізуі мүмкін. Мен "Тоттенхэм" президентін жақсы танимын. Ол кісі мұндай нәрселерді жаны сүймейді",-деп келтіреді Перес сөзін Sky Sports. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: eurosport.ru

Б. Қосмағамбет