2013 жылы Болгарияда өткен Әлем Чемпионатында британдық акробат Кристоф Виллертон "физика заңына бағынбайтын өнер" көрсеткен. Оның жасаған қимылдарын бірде-бір спортшы қайталай алмаған. Өзінің осындай таңғажайып акробаттық шеберлігі үшін әлемнің үздік спортшылары қатысқан додада бірінші орынды иемденген. Бір орыннан екі рет сальто айналған акробаттың шеберлігі қазылар алқасына еріксіз таңдай қақтырған. Кристоф тыңғылықты жаттығу мен маңдай тердің арқасында осындай биік шыңды бағындырып отыр. Қандай шеберлік?! «Бір орында тұрып, екі рет сальто жасады» десек, көзбен көрмеген адам сенбейтіні анық. Сөзіме дәлел болсын деп, сіздерге арнайы бейнебаянды ұсынып отырмын.
Cурет: baku2015.com