Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) футбол азаматтығын ауыстыру жайлы ережеге өзгеріс енгізді. Бұл туралы SILA International Lawyers компаниясы хабарлады.
ФИФА конгресі ұлттық құрама сапында ресми бір ғана матчқа қатысқан футболшыға басқа құрамға ауысуына рұқсат ететін заңды қабылдады. Жаңа ереже келесі айдан бастап қолданылады.
Дегенмен Халықаралық футбол федерациясы футбол азаматтығын ауыстыру үшін бірақатар қатал талап қойды.
– футболшы "А" құрамасы сапында ресми бір ғана матчта алаңға шығуы тиіс;
– "А" құрамасы сапында ойнаған кезінде ауысқысы келетін елдің азаматтығы болуы шарт;
– матч өткізген сәтте 21 жастан аспауы тиіс;
– "А" құрамасы сапындағы ресми ойынмен қатар жолдастық матчтың саны үшеуден аспауы шарт;
– "А" құрамасы сапында әлем чемпионаты не құрлықтық біріншіліктерге ойнамауы тиіс;