- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Феррари мықты ма,...
Феррари мықты ма, порше ме?
"Реал" командасының көшбасшы ойыншысы Криштиану Роналду сэр Алекс Фергюсон мен Жозе Моуриньоны көлікпен салыстырып қана құтылды.
Роналду өзінің мансап жолында екі бапкердің де қолында болып көрді. "Манчестер Юнайтед" командасында жүріп Фергюсоның тәлім-тәрбиесіне алты жыл қанықса, бүгінгі таңда "Реал" сапында португал маманының қол астында шынығып-шыңдалып келеді.
"Кімнің мықты екенін дәл айта алмаймын. Бұл дегенің, Ferrari мен Porsche-ні салыстырғанмен бірдей ғой. Екеуі де мықты, тәжірибелі және екеуі де үнемі қай жерде болмасын жеңгенді жақсы көреді. Сондықтан да аталған бапкерлер қаншама рет чемпион атанды" - дейді Роналду.
Криштианудың бұрынғы және қазіргі командасы Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында кездесейін деп отыр. 2009 жылдан бері "МЮ"-ден кеткелі Роналду тұңғыш рет бұрынғы әріптестерімен жүздеспек.
"Манчестер" - бұл менің үйім және менің жүрегімнен мәңгілік ойып тұрып орын алады. Мен оны қатты жақсы көремін. Өзіңізге де адамдар жақсы қараса, сіз оларды мәңгілік ұмытпайсыз ғой. Мен өмір бойына аталған клубта жұмыс істейтін адамдарды, сонымен қатар жанкүйерлерді жадымнан шығармаймын. ...Әрине, маған сөзсіз назар аударатындары анық. Бірақ, еш қысым жоқ. Бұрынғы командама қарсы өтетін жай ғана ойын. Мен шайқас үшін бармаймын, керісінше, үйіме барамын. Міне, сол себептен де кездесуді асыға күтудемін",- деген екен Football Espana-ғана берген сұхбатында.
"Есімде, жеребе тастау күні мен ешқандай жаттығу жасаған жоқ едім. Сол уақытта бізге «Манчестер Юнайтед» командасының түсетінін сезгенмін. Бәрі белгілі болған соң... Балаша мәз болдым. Сөзсіз, ойын ауыр болмақ. "Реал" мен "МЮ" - әлемнің ең үлкен екі клубтары. Мүмкіндік - елу де елу", - дейді.
сурет:eurosport.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига