"Манчестер Юнайтед" командасының қорғаушысы Патрис Эвра жақын аралықта "ПСЖ" командасына ауысатындығы туралы сыбысты жоққа шығарды. Бұл туралы Sky Sports хабарлайды.
"Әлі бір жылдық келісім бар және "МЮ"-де ойнай берем. Айта кететін болсам, "ПСЖ" командасына бару үшін Фергюсонның үстінен аттап өтпеспін. Ауысу туралы әңгіменің бәрі бос сөз болып табылады. Мен "Манчестер Юнайтед" командасында ойнап жүргеніме сондай бақыттымын!" - дейді Эвра.
""ПСЖ" секілді париждік команда қызығушылық білдіріп отырса, еріксіз таңғалады екенсіз. Әрі жағымды көңіл-күй сыйлайды. Өзімнің Парижге деген махаббатымды ешқашан жасырып көрген емеспін. Өз кезегінде "Монаконы" өз командамдай санасам да..." - деп Патрис қоса кетіпті.
Естеріңізге сала кететін болсақ, "Манчестер Юнайтед" пен Эвра арасындағы келісім 2014 жылы өз соңына жетеді.
сурет:eurosport.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек